Последние новости

Следите за нашими новостями!

Атырау маңындағы «пешеходтардың жолы» тұрғындарды таңғалдырды

Атырау маңындағы Жаңаталап ауылының бір көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жұртты таңғалдырды, — деп хабарлайды Rsokol.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видеодан жол белгілерінің әр 30 метр сайын орнатылғанын көруге болады. Екі минуттық роликте жол белгілерінің саны 20-дан асып кетеді. Көлікте отырған бір топ ер адам көшеде бір-біріне өте жақын қойылған жол белгілерін көрсетіп, видеоның Жаңаталап ауылында түсірілгенін және шамадан артық орнатқандарды сынайды.

«Осының бәрін қалаға салса. 1 минут 30 секунд бойы бітпейтін пешеход. Бұл пешеходтардың жолы», — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілдері Rsokol.kz тілшісіне бұл видеодағы деректі растады.

«Жол әлі қолданысқа берілмеген. Жолды салу жұмысымен айналысып жатқан «Атырауинжстрой ЖШС»-не стандарттарға сәйкес келмейтін жол белгілерін ережебұзушылықтармен орналастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 631-бабы («Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау қағидаларын бұзу») бойынша xаттама толтырылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, бұл жол белгілерін қайта жасау үшін Атырау қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөліміне ұйғарым жолданғаны айтылады.

Көзі: tengrinews.kz

Вам может быть интересно
История Филарета Якупова и крупнейшего строительного предприятия области и Казахстана
Когда закончат строительство города-спутника под Алматы (фото)
Какие дома выдержат разрушительное землетрясение
Новый облик предложили для алматинского театра Ауэзова

Оставить комментарий